Көтерілген мәселе туралы өз ойыңызды дәлелдеп жеткізіңіз

Бұл спортшы атақты болған жоқ, алайда бапкерлік қызметте зор биікке жетті. Оның қолы жетпеген жүлде шәкірттерінің өңірінде жарқырады. Өз сұхбатында дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ермек Имамбеков спорттағы ғұмырынан сыр шертті.

Өз шәкірттеріме айтатын кеңестерім өте көп. Мысалы, жеңіске жеткен кезде, басқалардың да еңбегін ұмытпау қажеттігін жиі айтамын. Өйткені әрбір жеңіп алған медаль үшін тек бір адам емес, тегіс команда еңбектенді. Басшылықтан бастап, еден жуушыға дейін сол жүлдеге еңбек сіңірді десем, артық емес. Немесе жас кезімізде қалай тәртіп бұзғанымды айтып берейін. Бұл үшін ұялмаймын да. Себебі өзімді мысал ете отырып, кәсіби спортшы қандай қателікке бой алдырмауы керектігін балалардың жүрегіне жеткізгім келеді. Бір жағынан, спорттық мансабымды тым ерте аяқтауыма өзім де кінәлімін ғой. Кейде жаттығуға келмей қойдым, енді бірде жігіттермен бірге би кештеріне бас сұққан кездер болды. Бұл қателіктерді бірден түсінбейтініміз өкінішті. Тек уақыт өткен соң ғана, жас шағыңда біраз қате жібергеніңе көзің жетеді.

Өзім әлем чемпионы болмадым, енді менің шәкірттерім сол биікке жетуі тиіс деп, сөз бергенім бар. Сол сертімде тұру үшін бар жігерімді салдым. Міне, қанша жыл еңбектің арқасында бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы мен Азия және әлем чемпиондарын тәрбиелеп шығардым. Бірақ бұл үшін ешқашан да мақтанған емеспін. Мұндай қасиетім жоқ. Тек барлығын ой елегінен өткізіп, қорытынды шығаруға тырысамын. Ал балаларға үнемі: сен етікші немесе шаштараз болсаң, барлық қала тұрғындары саған келетіндей етіп еңбектену керек деймін. Өйткені сен өз ісіңнің нағыз шебері атану үшін ұмтылуың керек. Сол кезде ғана сен сый-құрметке де, мол табысқа да ие боласың. Бұл – менің басты ұраным. Сондықтан әлі күнге дейін өз-өзімді жетілдіру үстіндемін…

NastikLoVe22 NastikLoVe22    1   12.05.2020 07:44    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi