Көшпенділердің тамаша мұрасы туралы дискурс жазу​

VeronicaOgne VeronicaOgne    3   27.11.2020 14:31    1

Ответы
Pro100darik Pro100darik  27.12.2020 14:32

Біздің халқымыздың ата-бабамыз о бастан-ақ көшпелілер атанып,мал шаруашылығымен айналысқан еді.Осы орайда олардың бүгінгі күнге аманат еткен рухани және материалдық мұраларына тең келер ештеңе жоқ десек те болады.Ең алдымен,олар бізге мынау кең-байтақ қазақ даласын үлкен маңдай термен қазына етіп қалдырды.Одан кейін сол заманға сай жасалынған киіз үй,ер тұрман,ат әбзелдері,ыдыс-аяқ,жиһаздар біз үшін көненің көзіндей.Ал балбал тастардағы көне түрік жазулары бізге сол дәуірдің бейнесін жеткізеді.Оған қоса Махмұд Қашқаридің "Диуани лұғат ат-түрік", Жүсіп Баласағүнидің "Құтты білік", Қожа Ахмет Йасауидің "Диуани хикмет" және т.б секілді ғұламаларымыздың шығармалары баға жетпес асыл мұраларымыздың бірі.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi