Көркемдегіш құралдар Мәтіннен мысал Қолданылу мақсаты
Эпитет
Метафора
Тұрақты тіркес
Қазақстан Республикасы – көп ұлтты мемлекет. Тілі басқа тілегі, түрі басқа жүрегі бір, төскейде төлі, төсекте басы қосылған ұлттар мен ұлыстардың құт мекенді Отаны. Бейбіт күні аспанында қыраны қалықтаған, ана тілімізде әнұраны шарықтаған, достық туын желбіреткен айбыны асқақ елміз. Аттың жалы, түйенің қомында өсіп, досқа құшағын айқара ашқан бабаларымыздың өміршең әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жалғасып келеді. Ұлтымыздың ұлылығы, тегіміздің тектілігі ынтымақ-достықта, береке-бірлікте екенін өмірдің өзі дәлелдеді.
1 мамыр – айтулы мереке. Қазақстан халқының егеменді елдігін, мызғымас бірлігін, толағай тірлігін айдай әлемге паш еткен күн. Осы бір табиғат, шіркін, түрленген, жер-ана беті гүлденген мамыражай мамырдың алғашқы ақ таңын ел-жұртымыз асыға күтеді. Өйткені 1 мамыр – тұтастықты-достықтан, берекені-бірліктен, зейнетті-бейнеттен, рахатты-еңбектен тапқан Қазақстан халқының бірлігі күні.
«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Мереке құрметіне орталық алаңға ат сабылтқан үлкен-кішінің жүздері жарқын, көңілдері шат. Мың бұралған биші қыздардың ырғақты қимылдарымен мереке ажары ашыла түсті. Орталық алаңда аудандық мәдениет үйінің дайындауымен «Ынтымақ, бірлік, келісім – Ең басты байлық ел үшін!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды

yuriygabr yuriygabr    3   07.05.2020 12:25    12

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi