Күнделікті өмірде төрт түлік малдан алынатын тағам өнімдерін жиі. Ешкімнің сүті аса құрайды емес Жылқы малы қырық күн шөлге шыдамды Түйе жүнінен жасалатын шеккендер жеңіл әрі жұмсақ
ответ:Төрт түлік малдың ішіндегі ең қасиеттісі түйе болып есептелген. Ол қырық күн шөлге шыдамды, жүк артса – көлік, жесе – ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен түйе жүн шекпендер киген, ол жеңіл әрі жұмсақ сырт киім болған. Түйенің күштілігі, жүйріктігі, шыдамдылығы сияқты түрлі қасиеттері бар, соған орай оны түрліше атайды (желмая, нар, аруана, жампоз, үлек, нарқоспақ т.б.). Асанқайғының шапқанда құстай ұшатын желмаясы естеріңізде болар. Ал түйе өзінің өсу жолында бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, науша, бұзбаша, інген, атан, бура деп аталады.
Түйелер сүтқоректі ірі жануарлардың біріне жатады. Түйе шөлді, тұзды аймақтарда тіршілік етеді. Түйелер шөлге, қатты аязға төзімді. Олар қыста бір рет, жазда екі рет су ішеді. Түйелер жем керек етпейді. Оның жейтіні тікенек, алабота, ащы шөптер.
Түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Біздің жерімізде түйені өсіруге қажетті жағдайдың бәрі бар. Түйенің екі түрі болады. Бір өркешті түйе, нар түйеге жатады, екі өркешті түйе айыр қоспаққа жатады.Түйе киелі жануар, оның пайдасы мол. Түйені мұрындықпен немесе бүйдамен байлайды.Оның еті мол, жүні биязды жұмсақ болады. Түйені жүндегенде пышақпен жүндейді. Түйенің жүнін сәуір, мамыр айларында күзейді. Түйе жүні шуда өте пайдалы. Ол буын ауруына пайдалы.
Түйенің шудасын, тұзға салып қайнатып аяқ буындары сырқырағанда, сарсу жиналған жерге таңса жақсы болады. Түйенің жүнінен жылы кеудеше және бас киім, қолғап, шәлі тоқиды, көрпе тігеді. Ол артық майын өркешке жинайды. Түйенің сүтінен жылма жасайды. Оған сәуір майын, аздап бал немесе қант қосады. Ол өкпе ауруына және қатты салқын тигенде өте пайдалы. Ол дәріханалардағы дәріден әлде қайда пайдалы.
Түйенің сүті өте майлы болады. Одан ірімшік, құрт, шұбат жасайды. Шұбатта адамдарға қажетті дәрумендер көп. Шұбат өкпе, асқазан, қан аздық, ішек ауруларына пайдалы.
Шұбатты дайындау үшін, сүтті ашытып, екі немесе үш күн қояды. Оны ашығасын күбі ыдысқа құйып шайқайды. Қазіргі кезде сырлы кастрюльге құйып әлсін- әлсін ағаш ожаумен сапырады. Шұбаттың ірмегі болмау үшін сапыра беру керек. Шұбат сол кезде өте қою әрі дәмді болады.
Мен бала кезімнен малдың арасында өстім. Атам мен әжем түйе малын ұстайды. Біздің үйде сегіз түйе бар. Түйелер наурыз, сәуір айларында боталайды. Мен түйенің боталағанын көрдім. Ботасы өте нәзік болады. Ботасы бір демалысқа дейін аяғын баспайды. Оны атам мен әжем сүйеп түйенің бауырына апарады. Кейде әжем түйені сауып, ботаға еміздікпен сүт береді. Ботаға жабу жауып, салқын тимесін деп салқыннан қорғайды. Біздің үйде екі өркешті айыр және қоспақ түйелері бар. Айыр түйе жатырқамайды. Ал қоспақ түйе өте қызғаншақ. Ол туғанда ботасын жеуге дейін барады. Сондықтан атам мен әжем ботасы аяқтанғанға дейін қасында болады. Атам түйелерге және тайлақтарға мұрындық тағады. Ал әжем болса боталарға ноқта тағады. Себебі жетектеп жүруге ыңғайлы. Мен атам мен әжеме көмектесемін. Жазда түйелерді далаға жайылымға айдап барамын. Үйде қалған боталарыма шөп су беремін, астын тазалаймын. Қыста бойдақ түйелер далада жайылып жүре береді.Тек сауатын түйе үйде тұрады. Әжем түйені үш сағат сайын сауады. Күніне сегіз рет сауады. Меннің әжем түйе сауғанда қасына барып ботасын ұстауға көмектесемін. Менім әжем шұбатты өте дәмді дайындайды.
Шұбаты өте қою әрі дәмді. Мен өзім шұбатты сүйсініп ішемін. Шұбат ішкен адамның дені сау болады.
Түйе деген қазақтың, бола білген серігі. Көшіп-қонған кездерде, жүгін артқан көлігі. Түйе малы халықтың, болған кіші қуаты. Жесең тамақ, ішсең ем, еті, сүті, шұбаты. Сондықтан да қазағым, қастерлеген түйені. Төрт түлік деп мал басын, санаған ғой киелі.
Еліміздің тұрғылықты халқы ықылым заманнан бері түйе шаруашылығымен айналысады. Төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. Қазақ елінің малсыз ешбір тіршілігі болмаған. Қазір де мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал біздің еліміз үшін бұдан былай да аса маңызды шаруашылық көзі болып қала береді.