Күн асқан сайын Әліштің жұмысының түрі өзгеріп отырды ... Әліш енді жолдың топырағын тегістеп , үстіне құм , тас қиыршықтарын тасуға тапсырма алды . Ол бұл жұмысты да бар ынтасымен істеді . Пойыз осы арадан өткенше асықты . Үйілген топырақтың үстінен тас төселді . Бір-екі рет жаңбыр жауған соң , әлгі тас төселген топырақ беріш болып қатып қалды . Тағы бір күн Әліш түйемен ағаш тартатын болды .
— Сергей , — деді Әліш , — осы топырақты , тасты , ағашты үйiп жатырмыз , ал пойыз қашан келеді ?
— Асықпа , Әліш , — деді Сергей , пойыз әлі-ақ келеді . Екеуміз сол пойызбен саяхат құрамыз . Әнеугі күні өзің айтқан әңгіме есіңде ме ? Алматыға осы жерден екі күн жүрдік деп едің ғой , енді сол Алматыға екі сағатта баратын боламыз .
Әліштің ойына болашақ өмірі келіп , өзін пойыз үстінде кетіп бара жатқандай сезінді ...

Әңгіме кімдердің арасында өтті ? Әңгімеге қандай тақырып арқау болды ? Ауыл адамдары неліктен Қопаға көшпек болды ? Шойын жол ауылға не үшін салынды ?

lfybk2001zp099tv lfybk2001zp099tv    1   14.09.2020 16:58    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi