Көмектесе аласыздар ма түсенбей жатырм ​


Көмектесе аласыздар ма түсенбей жатырм ​

tarasova19781 tarasova19781    1   13.03.2021 14:24    0

Ответы
FJFJKD99 FJFJKD99  13.03.2021 14:30

Әпке – бірге туған, туысқан қыздардың жас жағынан үлкеніне катысты туыстық атау. Дәстүрлі ортада қыздар туыстық жағынан іні-сіңлісіне әпке болады. Кейбір жергілікті тілдік ерекшеліктерге байланысты әпке сөзінің орнына әпеке, әпше, тәте, aпa деген атаулар да колданылады. Сонымен қатар әпке сөзі ауызекі тілде өзінен жасы үлкен қыздар мен әйелдердің, туыстық қатынасы ескерілмей-ақ, назарын аударту үшін құрметпен айтылатын қаратпа сөз ретінде де жиі қолданылады.  

Әпке образын сомдаған бірден-бір үздік шығарма жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтің «Әпкесі» болып табылады. Шиеленісті түрде жазылған әрі терең философиялық мағынаға ие болғандықтан, әлі күнге дейін осы кітап көп адамның сұранысын тудыратыны анық. «Әпке» – 1970 жылдардың оқиғасы, 1977 жылы жазылып, 1978 жылы М.Әуезов атындағы театрда қойылды. Содан бері сахнадан түспей келе жатыр. Әпкенің еңбегі, өз бақытынан бас тартуы, бауырларына адал болуы, соңында жалғыз қалуы сияқты негізгі оқиғалары қамтылған.

Басты кейіпкер – Қамажай алдынан шыққан қиыншылықтарды көтере білген, бауырларына қамқор болғандығы туралы айтылады.  Ата-анасынан жастай айырылған ол – өз өмірін тек бауырларына арнаймын деп, жеке өмірі жайлы ойлауды қояды, оны Қабен атты жігітке: «Қабен ол…ол қиын сияқты, бауырларымды қиып тастай алмаймын, олар әлі мен үшін бала, өздігінен өмір сүретініне күмәнім бар…» деп ұсынысына кері жауап қайтарғанынан білеміз.

Объяснение:

мен оны оқығам

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi