Көмектесіңіздерші,өтініш ақ кеме шыңғыс айтматов ақ кеме повесі туралы не білесіздер? ақ кемедегі кейіпкерлер? осы кітап туралы не айта аласыздар?

anastasy7 anastasy7    1   21.08.2019 06:10    1

Ответы
ann0706kol ann0706kol  05.10.2020 08:47

Сұрақтарға жауап:

1.Повесте ұрпақтар жалғастығы, сабақтастығы мәселесі баланың жүргізуші-солдатпен өзара әңгімесінде нақты көрсетіледі. Ата-бабалар шежіресін білу, жеті атаға дейін жаңылмай айту кейіпкерлердің мінез-құлқы және іс-әрекеті арқылы емес, өзара диалог арқылы беріледі. Бала әкесін де, шешесін де көрмеген, есіне түсіре алмайды. Бірақ әкесінің Ыстық көлде матрос болғанын біледі. Ал анасы әкесімен ажырасқан соң, баласын атасына қалдырып, өзі қалаға кетеді. Содан кейін одан бірде-бір хабар болмаған. Бала Ыстықкөлде жүзген ақ кеме ішінде әкесі бар екенін, оны көргісі келетінін армандайды. Жазушының «Ақ кеме» повесінде қосақабат өрілген екі сюжет бар. Бірі – баланың ақ кеме туралы ертегісі. Екіншісі – атасының, яғни Момын қарияның Ана-бұғы туралы ертегісі.

2."Ақ кеме" повесіндегі кейіпкерлер:бала,Момын-қария,Оразқұл,жұргізуші-солдат.

3.Жазушының «Ақ кеме» кітабында әдебиеттегі көне дәстүр – синкретикалық жанр байқалады. Атап айтқанда көркем туындыда ертегі, аңыз, тәмсіл, трагедия, фантастика жанрларының барлығы дерлік көркемдік тәсіл ретінде қолданылған. Суреткердің әр туындыдан кейін жаңа шығармашылық сатыға биіктегені көзге анық шалынады. Повестегі ақ кеме – жазушының белгілі бір меңзеуі, астарлы ойы, айтар сыры. Ақ кеме – баланың күте-күте аңсары ауып, санасын сарғайтқан белгісіз әкесі қызмет атқаратын мекен-жай іспеттес әсерде қалдырады. Әкесіне асыққан жас баланың аңсауы, сағынышы да ерекше аңғарылады деп білемін.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi