Көмектесіндерші мінез эссе 120-150 сөз 5-сынып

Аноним8127 Аноним8127    1   20.09.2019 18:10    2

Ответы
7777kby777777777778 7777kby777777777778  08.10.2020 05:09

Мінез туралы.

«Мінез» дегеніміз - жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде, тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшелiктерiнiң жиынтығы. Әр адам қоршаған ортадағы тітіркендіргіштерге әр түрлі жауап береді, мысалға, бір қолайсыздыққа кейбір адамдар күйіп – пысып, шыж – быж болып жатса, енді кейбіреулері – тыныштық сақтап, еш әбіржімейді. Міне, осы сыртқа ортамен байланысу үшін жасалатын қатынастардың жиыны «мінез» деп аталады.

Менің ойымша, адамның қоғамда әртүрлі қарым - қатынасына байланысты әр түрлі ортада адамның мінез - құлқы сол ортаға сай өзгеріп отырады, мысалға алар болсақ, адам жұмыста бір жағынан белгілі болса, үйде ол мүлдем басқа, жолдастарының ортасында өзін басқаша сезінеді дегендей. Дегенмен, әрине, толықтай өзгеріп кетеді деп айта алмаймыз, себебі туа біткен темпераментке байланысты өзімізді ортада белгілі бір жағынан көрсетеміз. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей, мінез - құлқы да бірдей адамдар жоқ ойлаймын. Сонымен қатар, ер жету барысында адамның мінезі жасына сай өзгеріп отырады.

Менің ойымша, қандай мінез болмасын, адам өзін сабырлы ұстауы керек. Себебі, адам мінезімен көрікті.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi