КӨМЕКТЕСІНДЕРШІ БЖБ ӘДЕБИЕТ 6-сынып 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...»

Оқылатын шығарма С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт

ойы», С.Мұратбеков «Жусан иісі»

Оқу мақсаты 6.1.2.1 - әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық

мәселені идеясы арқылы түсіндіру

6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың

алатын маңызына негіздеме жасау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білім алушы

• Идеясы арқылы шығармада көтерілген әлеуметтікқоғамдық мәселені анықтайды

• Нақты эпизодтың маңыздылығын ашады

Қолдану

Орындау уақыты 15-20 минут

Тапсырма

1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені берілген үзінділер арқылы

түсіндіріңіз.

Қ\с Шығармадан үзінділер Идеясы

1 «...- Ертеде бір жетім бала бопты… - деп Аян екінші ертегісін

бастады.

Сыбырлай шыққан даусында өз айтқанына қалайда қалтқысыз

сендіретіндей керемет бір күш бар.. Ғажап ертегілер еді…

Дүниедегі жақсылық атаулының бәр-бәрі: ерлік те, ізгілік те,

сұлулық пен ақылдылық та, әйтеуір адамға тән не бір асыл

қасиеттің барлығы да сол Аянның ертегілерінде болушы еді. Аян

батырлық туралы ертегі айтқанда, біз - алым-жұлым киінген қара

борбай балалар бір сәтке жадау қалпымызды ұмытып, шетімізден:

көк семсерді жарқ-жұрқ еткізіп, ат ойнақтатып жауға қарсы

арыстанша шабатын нағыз қас батырдай сезінуші едік өзімізді..»

2 «..Мен таяп келгенде шеттеу тұрған Есікбай сыбырлап қана:

− Аян балалар үйіне кеткелі жатыр,- деді.

− Қарағым, жолың болсын,- деді жыламсырап.- Жақсыдан қалған

тұяқ ең, қайда жүрсең де аман бол. Адам болсаң тауып келерсің

әлі...

Аян балалардың бәрімен қол алысып қоштасты.

− Мен әлі бәріңе де хат жазып тұрамын,- деді күлімсіреп.

Біз, балалар, Аянды кеп уақытқа дейін еске алып, сөз қылушы

едік.

Шынында да бұл күнде Аян қайда екен? Тірі ме екен? Ондай бала

тірі болуы тиіс. Ондай бала алдына нендей мұрат қойса да жетеді.

Ал тірі болса Жусандытөбеге бір оралмауы қалай?! Жусанның

иісін сағынбауы мүмкін емес қой»

2. Автордың: «Тебем деп тірі болсам надандықты, Серт етіп, өз-өзіме еткем егес»,- деп ой

толғауының мәні неде деп ойлайсыз? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.

Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор

Білім алушы

Идеясы арқылы

шығармада көтерілген

әлеуметтік-қоғамдық

мәселені анықтайды 1

үзіндіні негізгі мәселені ажыратуда

қолданады;

1

1

көтерілген әлеуметтік-қоғамдық

мәселені анықтайды;

1

1

үзіндінің идеясын анықтайды; 1

Нақты эпизодтың

маңыздылығын талдайды

2 автор сөзінің маңызын анықтайды; 1

толғаудың мәнін ажыратады; 1

өз ойын білдіреді. 1

Барлығы 8

rudenkovitalik rudenkovitalik    2   05.03.2021 12:07    9

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi