Көліктің пайда болу тарихы А ежелден қысқа мерзімде ұзақ
қашықтыққа жету, өз жұмысын жеңілдету,
еңбек өнімділігін арттыруды армандаған.
Тежегіш, қозғалтқыш — көліктің
негізгі бөлшектері.
Олар жолаушы және жүк тасымалдау үшін Алпауыт – алып, үлкен.
механикалық құрылғылар жасай бастады.
Ең алғаш өздігінен қозғалатын бумен
жүретін көлік 1769 жылы Францияның соғыс министрі Этьен-Француаның
тапсырмасымен құрастырылды. Бу көлiгiн Николас Джозеф Кагнот пен
әскери механик Брезин Парижде құрастырып шығарды. Бес тоннаға дейін
жүк тиеуге болатын бұл көлік сағатына 4 шақырымды ғана бағындыра алатын
еді. Көліктің осал жері тежегіші болған. Осының кесірінен бірнеше рет жол
апатына ұшырап, нәтижесінде 1771 жылы көлікті шығару тоқталған. Соған
қарамастан, Кагноттың көлігі тарихтағы ең алғашқы көлік болып саналады.
Ал жанармаймен жүретін алғашқы көлікті жасап шығарған – Карл Бенц.
Ол 1885 жылы үш дөңгелекті, үш орындықты көлік жасап шығарды. Үш дөң-
гелекті көлік ыңғайсыздау болған соң, 1893 жылы қозғалтқышы үш ат күшіне
тең төрт дөңгелекті автокөлік ойлап тапты. Ол – Мерседес Бенц көліктерінің
атасы, тұңғыш шығарушысы.
Қазіргі көліктердің күші 40 аттың күшіне тең.
(https://surak.szh.kz/2492367)​

ДобродушныйЕнот ДобродушныйЕнот    2   01.02.2021 09:16    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi