Көл атауының шығу тарихы туралы аңыз бен ғалымдар тұжырымын салыстырып, келіск-келіспеу эссесін жазыңдар. есімдіктерді қолданыңдар.

өтінемін көмектесіп жіберіңіздерші ​

Jdjdhdh66t Jdjdhdh66t    3   22.01.2020 17:12    32

Ответы
karinakatushkiowsqqh karinakatushkiowsqqh  11.10.2020 02:28

Осынау малы бұрқыраған, суы шұрқыраған маңғаз қазақ даласында небір мекендер мен айрықша орындар бар. Олардың болмысы, табиғат тарту еткен ерекшелігі кейді сол жер-судың атынан-ақ көрініп тұрады.

Қарқаралы жері - тұнып тұрған аңыз-ертегі. Солардың ішінде Шайтанкөлдің адам білгісіз керемет сыры бар. Оның атауына байланысты көптеген аңыз-әңгімелер бар. Соның бірі көлді басқа емес, әулие Жиренсақалдың өзі солай деп атаған дейді. Ол өте ерте заманда орман-тоғайлы осынау өңірге келіп, ел аралайды екен. Күндердің күнінде ол Шайтанкөлге барған. Көлге жақын келсе, су ішінде дене тұрқы адамға келетін сары түсті қос мақұлық шомылып жүрген көрінеді. Әулие бұлардың ерлі-зайыпты шайтан екенін біліп, олардың көбейіп кетуінен қауіптеніп, дұға оқып, айғай салғанда, қос шайтан зым-зия жоғалып кетіпті деседі.

Шайтанкөл – таудың басында, тостаған ыдысқа құйып қойғандай ықшам болып жатқан, ағын су келіп қосылмаса д суы ортаймай бір қалыпта тұратын, өзі де ешқайда ақпайтын, суы еш иістенбей сап-салқын болып жаңарып тұрады. Сондықтан да бұндай іс тек шайтанның ғана қолынан келеді деп желдей ескен халық осылай атаған деген де бар көрінеді.

Ал ғалымдардың пікірінше көл ежелгі жанартау кіндігінде орналасқан. Әрі жан-жағын қарағай, қайың, терек, таңқурай, тасжарған, тобылғы, тағы басқа бұта өскен қалың ну орман көлеңке түсіріп, көл суын көп буланудан сақтап тұрады. Сондықтан да көл суы құрғамайды деп тұжырымдайды.

Әлбетте, бұндай аңыз бен пікір легі толастамайды. Бір анығы ол – Шайтанкөлдің бізге табиғат тарту еткен ерекшелігі, көркем сыйы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi