Көктем мезгілі. Адамдар бітеліп қалған бұлақтың көзін тазалады. Мөлдір су сықылықтап күліп ақты. Оның тұнық суынан әрі бері жүрген адамдар мен жануарлар бір сімірмей өтпейтін болды. Лай суға бұл ұнамады. Ол Мөлдір суды лайламақ болып, өзінің арнасына бұрды. Мөлдір судың үстін бастыра ақты. Бірақ жер астынан қайнап шығып жатқан Мөлдір су өңін бұзбай сол қалпында аға берді. Лай су жаман ойының іске аспағанына ыза болды.
- Өзеннің бұл арнасына мен иелік етуім керек,- деп кеудесін қақты Лай су.
- Онда көлге бірге барайық , әділдікті сол айтсын,- деп Мөлдір су Лай суды келісімге шақырды. Екеуі көлге келді.
Көл олардың сөзін тыңдады да :
- Кімнің адамдар мен тіршілікке пайдасы тиссе, сол ақсын,-деп жауап береді.
Содан бері Мөлдір судың ағысы тоқтамаған екен.
1-тапсырма. Оқылым мәтіні негізінде кестедегі сұрақтарға жауап бер
Мәтін не туралы?
Мәтінде қандай мәселе көтерілген?
Мәтіннің түрі?
Мәтіннің жанры?
Мәтіннің стилі?
2-тапсырма.Мәтіннен 3 есімдікті тауып кестеге жаз, оның мағыналық түрін, сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
есімдік Мағыналық түрі Сөйлемдегі қызметі