Iздегенде табылатын қасыңнан, Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек сағыныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымыз да бiтпесiн,
Жырымыз да бiтпесiн, жырымыз да бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды сан аштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақ та бiрге жүрiп адастық.
1. Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Ақын өлеңді кімге арнап айтады?
2.Өлеңде ақынның қандай тілегі көрінеді?
3.Автор бойындағы қасиеттерді жазыңыз?