Қиысу. Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың байланысуыКаспий теңізіне аққулар келді.Сөз бен сөзді байланыстырайық: Каспий теңізіне келді. Аққулар келді. Бастауыш аққулар баяндауыш келді. Бұл –қиыса байланысқаны.2.Меңгеру. Сөз бен сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуыКаспий теңізіне аққулар келді.Каспий теңізіне келді. Каспий теңізіне барыс септігінде тұр.3.Матасу.Сөз бен сөз ілік септігі мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысады.Жігіттің күші намысында. Жігіттің –ілік септігінде тұр, күші тәуелдік жалғауында тұр.4.Қабысу. Сөз бен сөз ешбір жалғаусыз іргелес тұру арқылы байланысады.Ну орман, қалың кітап. Ну, қалың сөздерінде ешбір қосымша жоқ.5.Жанасу.Сөз бен сөз ешбір жалғаусыз іргелес тұру арқылы және алшақ тұру арқылы байланысады​

joryk2012 joryk2012    1   24.12.2020 13:28    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi