Илья Ильин жылдың қорытындысы бойынша, жер бетіндегі ең үздік ауыр атлет атанды. Екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін Әлем чемпионы мұндай атаққа осымен төртінші мәрте ие болып отыр. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы жыл сайын әлемнің үздік зілтеміршілерін жариялауды дәстүрге айналдырған. Ұйымға мүше мемлекеттер дауыс беру арқылы жер бетіндегі ең мықты ауыр атлетті анықтайды. Былтыр Грозныйда өткен Ресей президентінің кубогы бәсекесінде екі мәрте әлем рекордын жаңартқан жерлесіміз Илья Ильиннің бағындырған айтулы белесі дүниежүзін тамсандырған еді. Сауалнама қорытындысымен екі мыңнан аса дауыс жинаған толағай жаһанда өзіне тең келер ешкім жоқ екенін тағы да бір дәлелдеді. Алаш толағайының әрбір жетістігіне балаша қуанатын жерлестері бұл жолы да Ильяға тілеулестігін білдіріп, құттықтауда.
Ал әйелдер арасында Тайпей елінің спортшысы Сюй Шу-Чин көш бастады. Айта кетейік, екі дүркін олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин бұған дейін 2005, 2006 және 2014 жылдары да халықаралық ауыр атлетика федерациясы тарапынан үздік деп танылған болатын. Аты аңызға айналған алып, бұйыртса, Қазақстан қоржынына тағы да алтын салады деген сенімдеміз. Ендеше, сәттілік серігің болсын, алаш оғланы!

1.Илья Ильиннің қандай атақтары бар?
2.Грозныйда қандай айтулы оқиға болды?
3.Мәтіннен Илья Ильин туралы бұрын білмеген қандай ақпараттарды білдің?
4.Осы мәтіндегі етістіктерді теріп жаз.

Анкта Анкта    1   03.02.2021 09:54    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi