I. Оқылым. Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Берілген үлгі бойынша мәтіндерге талдау жасаңыз.
Домбыра туралы аңыз
Ертеде жаумен күрестен ұзақ жолдан шаршап келе жатқан бір батыр
жолда кездескен ауылға тоқтап, демалмақшы болады. Батыр көлеңкеге
отырады. Жанындағы ағаштың бөлігін кесіп алып, оған аттың қылын тағады.
Өзі жасаған аспаптан дыбыс шығармақшы болады. Бірақ аспаптан ешқандай
дыбыс шықпайды. Оны батыр қасына қояды да, ұйықтап қалады. Бір кезде
оянса аспаптан өздігінен дыбыс шығып жатыр екен дейді. Аспапты қолына
алып караса домбыраның басына шектің астына салынған ағашты көреді.
Шошыған батыр мұны шайтанның ісі деп ойлайды. Сонан бері, бұл ағаш
шайтан тиек деп аталып келеді.
Домбыра – кең таралған ұлттық музыкалық аспап
Домбыра - қазақ халқының өте ертеден кең тараған нағыз табиғи ұлттық,
музыкалық аспабы. Аспап ағаштан жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма
төрт пернесі, құлағы, тиегі шанағы болады. Аспап үні қоңыр, құлаққа
жағымды әрі жасақ,
Домбырада ойнау, домбыраны тыңдау ғажайып сезімге бө: йді.
Домбыра туралы айтқанда қазақы тәрбие, қазақтың салты мен дәстүрі
елестейді. Домбыра аспабын үйреніп, ойнау арқылы қазақ халқының барша
қасиетін түсінуге болады.
Домбыра арқылы адам ішіндегі түрлі ойлардан тазарып, күш-қуатын
жендейді. Домбыра аспабын меңгеру арқылы адамның ойлау қабілеті артады,
білім алуға құштарлығы оянады еңбек етуге құштарлығы жоғарылайды.
Екі мәтіннің ұқсастығы​

qwerty681 qwerty681    2   02.03.2021 09:21    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi