I Оқылым Қазақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал өсіру болды. Олар көшпелі және жартылай
көшпелі өмір салтын ұстанды. Қазақтардың көші-қонының қашықтығы әр түрлі болып
келетін. Жаңа қонысқа көшуден бұрын ауылдың тәжірибелі адамдары жер шолып, малға
жайлы жайылым іздестіретін. Онда жерінің шөбі шүйгін, міндетті түрде су көзінің болуы
қарастырылды. Аталас туыстар әдетте белгілі бағытта бірлесіп көшетін. Қыс кезінде үйір-
үйір жылқылар ашық далада қарды тұяғымен аршып, тебіндеп жайылатын. Жылқы
тебіндеп жайылған соң ол жерлерге мүйізді ірі қара, түйе және уақ мал жіберілетін. Мал
басы көшпелі қазақтарды ішіп-жем, тағаммен қамтамасыз етті. Қой мен құлын, ешкінің
иленген терісі түрлі сырт киімдер мен аяқ киім тігуге пайдаланылды. Қойдың және
түйенің жүнінен киіз басылды, жіп иіріліп, шекпен тігілді, арқан-жіп есілді, баушулар
жасалды, кілем тоқылды. Ешкінің түбіті әдемі де жылы шәлілер тоқуға пайдаланылды.
Малшылар серкенің, өгіз бен жылқының терісінен құдықтан су тартатын ыдыс -
қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятын торсықтар жасады. Қазақтар
малдың тезегін отын ретінде пайдаланды. Көшпелі қазақтардың өсiретiн малының негізгі
түрлері қой-ешкі, жылқы мен түйе болды. XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап
қазақтарда сиыр өсіру де елеулі түрде дами бастады.
1-тапсырма. Мәтәнді оқып, иә, жоқ деген жауаппен кестені толтыр. [5 ұпай)
No
Иә
жок
1
2
3
Қазақтардың негізгі кәсібі аңшылық болды.
Олар көшпелі және жартылай көшпелі өмір
салтын ұстанды.
Қой мен құлын, ешкінің иленген терісі түрлі
сырт киімдер мен аяқ киім тігуге
пайдаланылды.
Қазақтар малдың тезегін қару ретінде
пайдаланды
XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап
қазақтарда сиыр өсіру елеулі түрде дами
бастады
4
5
1)жоқ
2)иа
3)иа
4)жоқ
5)иа