Хелп , я болел и в понедельник у меня сор по каз.яз (Друг кинул) ОҚЫЛЫМ. Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындау. Бүгінгі Нұр-Сұлтан - асыл тастан тұрғызылған асқақ қала. Ерке Есілдің жағасында орналасқан, жаңа ғасыр ғажабынан жаралған ертегідей елорда, әлемдегі ең жас қала. Ару қаланың әрбір оралымы ашық бұрқақты аулалар, әсем безендірілген гүлзарлар мен көмкерген орманды алқаптарда бойтүзеген «Нұр Астана» мешіті мен «Бәйтерек», «Пирамида», «Ханшатыр», саяси және мәдени думан орталықтары мен түрлі тарихи мемориалды кешендері алуан түрлі. Түнгі Нұр-Сұлтанда ай сәулесінен нұр ала, алаулай жанған шамбалдар мен жарық ғимараттар де естен тандырарлықтай. Әсем сазбен тербеле билеген су бұрқақтары, кең алаңды бой түзеген әкімшілік ғимараты қалаулылары - депутаттар үйі аралығын шығысы Бәйтеректей ансамбльмен және батысы Елбасының Ақ ордасы мен министрлер үйі сұлу кешендердің бір үйлесімділігін көрсетіп тұр. Нұр-Сұлтан - Қазакстанның бас қаласы. Осында оқып жүрмін , гүлденген астанамызбен мақтанамын!

1-тапсырма. Мәтіннің тақырыбын анықтау

2-тапсырма. Сұраққа жауап беру: қаланың қандай көрікті жерлерін білесің?

3-тапсырма. Мәтіннен «әдемі», «астана» сөздеріне синонимдерді табу

4-тапсырма. Сұраққа жауап беру: қала қайда орналасқан?

5-тапсырма: 3-4 тірек сөзді жазу

6-тапсырма: Мәтіннен нақ осы шақ етістіктерін теріп, жұрнақтарын белгілеу.

NerminJaleÇiçek NerminJaleÇiçek    2   16.12.2021 16:51    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi