Хан патшалығының Хан Уди патшасы Жаң Чянды батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды шығыс пен батыс үкіметтері арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де «Жібек жолында» ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған; ал, елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңірі мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Мәтін бойынша 5 сұрақ құр.
Сөздердің қажеттісін қойып, сөйлемдерді аяқта:
Хан патшалығының ... Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған
а) Жаң Чян

Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға ... ала барған
ә)Хан Уди патшасы

... елге қайтарында батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан
б) Қытайдың жібек өнімдерін

nastamalysheva nastamalysheva    1   30.11.2020 07:49    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi