- Хан ием, маңғұл түмендері Сүйіндік асуы арқылы Қаратаудың бері асып келе жатыр -Алдағы қол кімдікі екен?-деді Иланшы Қадырхан.
-Меркіт ханы Арсылан көрінеді,-деді Баршын.
-Ошақбай батырдың өзі қайда.
-Топ жігітімен жау алдына аттанған.
Иланшы Қадырхан жанындағы Мақсұтқа қарап, жарлық жасады.
-Қос дабыл ұрыңдар!-деді
Бұл-ел басына қатер төнгенде қолды түгел дүрс көтеретін белгі болады.
...Иланшы Қадырхан тұлпарын көсілтіп ораға шықты.Жау жағын қалт кідірткен зор дауыспен "Жекпе-жек!" деген сөзді үш мәрте қайталады...
Иланшы Қадырханға қарсы Тоғышар ноян шықты."Ә-ә!"-десіп шабысқан әуелгі шайқаста маңғұлдың кылышы қақ бөлінді...
...Қазақша қазан айының басында Отрарға сұрапыл соққы әкелген тас атқыштар соғысы басталңан. Жау Отрарды жан-жағынан қаумалап, ата бастады.
...Иланшы Қадырхан қасына Хисамеддин мен Исалды ертіп, Күмбез сарайға аттанды. Фараби кітапханасына келіп жетті. Түн жамылып кітапхананы көшіруге жарлық жассады. Әуелі кітаптар қатталып, буылды,сыртынан ылғал өтпейтіндей етіп терімен оралады, орамдарды қыш құмыраға тоғытты; қыш құмыраның аузы сазбен сылады. Ең сенімді деген жігіттер әзір болған құмырады түйеге артып, Көкмардан мешітіне тасыды. Мешітке жеткен қыруар құмыраны жерасты келиясына түсірді. Иланшы Қадырхан қазынаны өз қолымен жайғастырды. Таң ата Фараби кітапханасы жерасты мекеніне түгел тығылып біткен.
озоглавте

Dmitrrrr Dmitrrrr    2   17.02.2021 13:23    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi