Халқымызда «Ердің артында мол байлық қалғанша, жақсы аты қалғаны игі» деген аталы сөз бар. Бірақ, бүгінгі жастар рухани байлықтан гөрі матариалдық байлықты үстем орынға қоятын
жалаң көзқарастың жетегінде жүр. Себебі, олар адам жанының алтын арқауы – рухани құндылық
екенін ұмыта бастаған сыңайлы.
Болашағынан үлкен үміт күттіріп, халқына жарамды адам болуды көздеген әрбір азамат
мұндай тұманды ойдан аулақ болуы керек. Қазіргі жастардың дені — жоғары атак-мансап пен
ақшаны өмірінің алтын діңгегі санап, «ақша болса, бәрі де болады» дейтін пасық идеядан әлі күнге
арыла алмай келе жатқаны ащы болса да шындық. Әрине, сананы тұрмыс билеген заманда
салауатты өмір салтына ілесіп тірлік жасау үшін ақша қажет екені белгілі. Дегенмен, «Бар
байлықты жинауға тырысқан адам – бақытсыз» боларын, бақ пен дәулеттің көшпелілігін,
байлықтың бейне қолға ұстаған мұз сияқты еріп кететін мезеттік нәрсе екенін неге
ойламаймыз? Асылы, адамзаттың шынайы байлығы – қанағат пен еңбекте жатыр.
Адамның дүниеқоңыздықпен жинаған мал-мүлкiн бөгде біреулердің ұрлап әкетуі де, тіпті,
қара ниет қаскүнемдердің әдейі өртеп жіберуі де мүмкін ғой. Ал санасында, ішкі әлемінде жатқан
рухани қазынасын ешкімнің де тартып ала алмасы анық. Ел ішінде «Жақсылардың кеудесі алтын
сандық» деген бағалы сөз осыдан қалса керек.
Ең бастысы, өмірімізге сара жол нұсқайтын, ізгі ниеттің нұрын құяр ғұламалардың сөзін
көңілімізге ұялатсак, өміршең ойға берілеріміз шүбәсіз.
Ұлт келешегінің кепілі, жастарға, рухани кедейшіліктен, ертеңімізге немқұрайлы қараудан
аулақ болайык дегім келеді. Соңымызда көл-көсір байлық қалғанша, жас жеткіншек ұрпақтарға
үлгі боларлық өнегелі іс қалсын, ағайын!

sergkis220799 sergkis220799    3   20.10.2021 14:06    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi