Халқымызда «Ауру - астан» деген сөз бар. Сіздің бұл пікірге көзқарасыңыз қандай? Ойыңызды жинақтап, мәселеге өз көзқарасыңыз бен шешу жолдарыңызды ұсынып 5-10 сөйлемнің көлемінде эссе жазыңыз. ​

toshamilgis toshamilgis    1   03.03.2021 13:05    21

Ответы
Amin1402 Amin1402  02.04.2021 13:07

Еліміздегі адамдардың 80 пайызы дұрыс тамақтанбайтын болып шықты. Есеп бойынша Қазақстандықтар жылына фастфуд жеуге 260 млн доллар жұмсайды екен.Қазіргі уақытта шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, донер, чипсы, қуырылған картоп және түрлі газдалған сусындар көп. Бірақ, олардың сапасы мен құрамында не бар екен? Оны көпшілік біле бермейді.  Сондықтан, осындай тағамдар адам денсаулығы үшін өте зиян. Иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен-кішінің бәрі құмар. Бұл та­­ғам­­дардың құрамында дәрумендер бол­майды, есесіне калориясы жоғары. Семіздік, гастрит, әлсіздік – фастфудтың нәтижесі болып табылады. Семіздіктен адам бойындағы зат алмасу бұзылып, әр түрлі ауруға шалдығады. Ата-бабаларымыз қазы-қарта, қымыз, шұбат, айран сияқты тағамдармен тамақтанған. Осындай ұлтттық тағамдарымызды насихаттап әр қалада әр түрлі тамақтанатын орындар ашып, фастфудқа балама ретінде ұлттық тағамдарымызбен тамақтансақ, денсаулығымызға өте пайдалы болар еді. 

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi