Халқымыз үшін дастарханнын маңызы қандай көмектесініздерші

MaksPlay2209 MaksPlay2209    1   01.10.2019 18:26    6

Ответы
vabyn vabyn  09.10.2020 10:07

Қазақта келген қонақты «құдайы қонақ», «сый қонақ», «арнайы қонақ» деп түрліше атаған. Бұлардың қайсысына болмасын, қазақ ең алдымен, мал сойған.Дастарханның қадірлі асы жаңа сойылған малдың бас-сирағы деп есептелген. Өте қадірлі адамға қазақтар тай да сойған.Етті мол етіп асу, қазыны қазанға бұзбай салу – үй иесінің келген қонаққа деген ниетін білдіреді. Ет піскенше мейманға кең дастархан жайылып, құрт, ірімшік, бауырсақ, жент, сары май қойылады, қаймақты шай құйылады.Қазақ дастарханының сәні – асылған ет.Қонақ кез келген үйге түспей, қонақжай, дастарханы мол, таза, көргенді ұл-қызы бар үйге түсетін болған.Дастарханға қойған тамаққа мін тағып, «Мен мынаны жемеймін», «Мына тамақ менің денсаулығыма жақпайды» — деп отыру – үлкен әдепсіздік. Сонымен қатар, дастарханнан сарқыт орап алу – дәстүрімізде бар әдет. Алайда, сарқыт алады екем деп дастарханды сыпыра-жайпап әкету ұят нәрсе. Қазақта «Біреудің жаясын жесең, ұшаңды даярлай бер» деген сөз де бар. Ол – өзіңді біреу дастарханға шақырып, ас-ауқатын берсе, сен де оған осындай құрмет көрсетуің керек деген сөз. Бұл – ел арасындағы туыстық пен ынтымақтықты нығайта түсудің бірден-бір нанымды жолы. Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе...

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi