Грейстің жазбасы мен Асылы Османның естелігіндегі ақпаратты салыстырып, Венн диаграммасына түсіріңдер Біз Қазақстанға 1944 жылы Грузияның Түр кияға шегаралас Ахалкалак деген қаласынан жер аударылғанбыз . Ол кезде мен ес біле қоймаған жас баламын . Өзінің даласындай дарқан , пейілі кең қазақ халқы бізді жақсы қарсы алды . Бір бөлмелі үйінің бір бұрышын , екі бөлмелі үйінің бір бөлмесін босатып беріп , бүтінін бөліп , жартысын жарып беріп , аман - есен бейбіт күнге жеткізді . Ұлтым әзірбайжан болғанымен , қазақтың қадірлі қызы болып жүргенім - осы тілдің арқасы . Қазақтың тілі киелі , киелі тіл жүрген жерде күйе жұқпайды . (Асылы Осман жазбасы)
Ең алдымен « Салеметсіз бе ? Менің атым - Грейс . Мен Таразда тұрамын . Тараз әдемі қала . Рақмет ! » деген сөздерді үйрендім . Қала бірден ұнады . Тал - терегі , ағашы көп екен . Адамдары да қонақжаit , бауырмал . Содан соң бұл қаланың ауа райы ұнады қазақ тілін үйрену алғашында қиынға соқты . Мұға лімдерге рақмет . Қазақ тілін үйрену үшін барлық жағдай жасалған . ( Филиппиннен келген Грейс Педригалдың жазбасы)
Үш жасында сталиндік саясаттың әмірімен тарихи Отанынан Қазақстанға күштеп жер аударылған Асылы Осман бүгінде Қазақcтанда қазақ тілінің өркендеуін мақсат тұтқан «Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы. Ғалым-филиолог өмірде көрген-түйгені жайында Азаттық тыңдармандарымен бөліседі.
Объяснение: