Грамматикалық талдау деген не?

Beckonechnost Beckonechnost    3   05.10.2021 01:57    1

Ответы
Anhard23 Anhard23  05.10.2021 06:00

Грамматикалық талдау - сөздер арасындағы грамматикалық байланыстарды анықтау.Грамматикалық талдау

Грамматика жаттығуларының ішінде кең тарағаны грамматикалық талдау болып табылады. Грамматика­лық талдау сипаты жағынан аналитикалық болады, бірақ оған синтетикалық белгілер де тән.

Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Ауызша талдауда балалар бұрын оқылғандарына тоқталады, сөйлемдегі граммати­калық формаларды көрсетеді, оқытушының сұрауларына жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Жазба­ша талдауда балалар жазылған мәтіннен грамматикалық формалардың астын сызады немесе оларды айырып жазады, тиісті формаларын көрсетеді, сұраулар қояды

т. б.

Грамматикалық талдау мазмұны жағынан фонетикалық, морфологиялық синтаксистік немесе аралас тал­дау болып бөлінеді. Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау болады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi