Әңгімені оқып, проблемалық сұрақтарға дәлел келтіріп жауап беріңдер. Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Бірде əскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп, дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың көптеген қалың қолы шабуыл жасапты. Тонаған мал-мүліктерін тиеп, қолға түскен азаматтарды айдап əкетіпті. Əлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау əскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасына апаруын өтінеді. Өзен асып келген соң, ол жаудың қолбасыларына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нəрсе беремін. Ол-өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, ол үшін менің өмірімді алыңдар, -дейді. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай -ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болады,- дейді.
- Ол не?-дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
- Маған сенің көздерің керек, -дейді қолбасы , екі көзіңді ойып аламын.
-Ол да болсын, көзімді ал да, досымды тезірек босат,- дейді.
Жігіт бұл сыннан толқусыз өтеді. Əлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасы :" Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады",- деп түйеді. Сөйтіп өз əсерлеріне шегінуге бұйрық беріпті.
Проблемалық сұрақтар:
1.Мәтіндегі шынайы достықтың белгісін қандай әрекеттен көруге болады?
2.Қолбасы неліктен өз әскерлеріне шегінуге бұйрық береді?
3.Адамды досына қарап таны" дегенді қалай түсінесіңдер?​

jolydolf12 jolydolf12    2   07.12.2020 14:32    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi