Француз жұртының бір білімді адамы былай деп жазады : « 1791 жылы өзім « университет » деген үлкен школда оқып жүрген жігіт едім . Апта сайын (Версаль қаласындағы) шешеме жаяу барып - қайтып тұратынмын . Сонда әрдайым жолымда « Антон » деген тіленші қайыр сұрап отырушы еді . Бір күні тағы сол жолмен келе жатып , орта бойлы арықтау кісімен жолықтым . Екеуіміз бір ге келе жатқанда Антон алдымыздан шығып , қайыр сұрады . Қасымдағы кісі тоқтап , АНТОННЫҢ бетіне қарап тұрды да : — Сен қарауға (есті кісі) секілді көрінесің , жұмыс істеуге (қуатың) да бар . Сөйте тұрып , мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің . Бай болғың келсе , мен саған (ақыл айтайын) : мен өзім де сендей кедей едім , бірақ тіленші болған жоқпын . Елден , қала қаладан қыдырып жүріп , әуелі қоқыстан не болмаса жай кісілерден (ескі шүберек) сұрап , жиып жүрдім . Ол шүберектерді қағаз істейтін фабрикаларға апарып , саттым . Сөйтіп , біраз ақша болған соң бір есек , бір арба алдым . Мұнан соң әуелі аздап , бара - бара көбірек , әр үйден ескі - құсқы , (тұтынуға жарамайтын) шүберектерді сатып алып , арбамен жүріп сауда ете бастадым . Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша таптым . Содан кейін қағаз фабрикасына кірістім . Жасым жас , (ісіме нық , жинақты), еріншектікті білмедім . Осы күнде екі үлкен тас үйім бар . Фабрикамды балама бердім . « Балам да аштық көре қалмас » деген үмітім бар . Себебі — баламды жасынан бос жүруге , еріншектікке , (қиналмай мал табуға) үйретпедім . Осы айтқанымды тыңдап , еңбектен қашпасаң , сен де бай боласың , – деді де жөнiне жүріп кетті . Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып , (қайыр сұрауын) да ұмытып , тұрып қалды . 1815 жылда « Брюссель » деген қаладан өтіп бара жатып , бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім . Дүкеннің ішінде бірнеше приказчикке : « Олай ет ! Бұлай ет ! — деп бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс көрінді . Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп , бетіме қарап тұрды - тұрды да қасыма келіп : — Айып етпесеңіз , сұрайын . Мұнан (жиырма бес жыл) бұрын сіз оқу оқып жүріп , жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүруші ме едіңіз ? – деді . Сонда ойыма түсіп , таңғалып : — Сен Антонбысың ? – дедім . Pa - ac , – деді Антон , — Мен сондағы көрген тіленші Антоныңызбын . Бір күні қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме қонды . Тіленшілікті тастап , жұмысқа кірістім . Ісіме нық , малыма күтімді болдым . Ақырында , сол кісінің айтқаны келіп , мінекей , осы зор дүкеннің иесі болдым , – деді .


Француз жұртының бір білімді адамы былай деп жазады : « 1791 жылы өзім « университет » деген үлкен ш

Noooo123456 Noooo123456    1   27.12.2020 21:35    39

Ответы
nika06102007 nika06102007  24.12.2023 22:53
Фрагмент текста описывает жизнь и опыт французского ученого-преподавателя, который начал учиться в университете в 1791 году.

Далее в тексте он рассказывает о своих странствиях и поисках работы. Он жалуется на то, что не был подобран на работу в фабрике, где разрабатывали бумагу. Затем он решил продавать конскую и телegа, чтобы получить деньги и начать бизнес по продаже старых одежды и обуви. В течение семи лет он заработал 10 000 франков. После этого он поступил на работу на фабрику бумаги и взял своего сына туда на учебу.

Далее он рассказывает о том, как увидел в магазине одного предпринимателя, который сказал ему пойти на фабрику, где он работал. С трепетом, он подошел к человеку, и тот спросил его, почему он не продолжает учиться и почему ходит на работу в Высшую школу в Версале каждую пятницу.

Он ответил, что он Антон, переводчик, встретивший его раньше. Оттуда жизнь ученого-преподавателя изменилась, он пошел на работу, его приняли и он наконец-то получил желаемую должность.

Таким образом, рассказ этого человека описывает его учебу, странствия и поиски работы и наконец-то его успех после встречи с предпринимателем.

Такой житейский пример может быть понятен школьникам и поможет им увидеть, что иногда достижение успеха требует выдержки, настойчивости и весьма нестандартных путей.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi