Ежелгі қазақ халқы қиялының ұшқырлығында шек жоқ. берілген тұжырымды 4-5 сөйлеммен дәлелдеп жазыңыз.

valentinasopina valentinasopina    3   12.05.2019 14:50    19

Ответы
lluciferr01 lluciferr01  09.06.2020 22:27

Ежелгі қазақ халқының қиялының ұшқырлығында шек жоқ.

Шыныменде, халқымыз ертеден-ақ сондай көреген, арманшыл, болашаққа үлкен сеніммен қараған. Оған дәлел, біз оқыған ертегілер, аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар. Мысалы: Көлтауысар, Таусоғар, Желаяқ, Толағай және тағы да басқа. Ал батырлық жырлардың жайы бір бөлек. Суға салса батпайтын, отқа жанса күймейтін, қылыш шапса кеспейтін, жылдап емес күн сайын өсетін алпауыт батырлар да бар. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, өтірік өлеңдер де қазақ халқының қиялының ұшқырлығын көрсетеді деп ойлаймын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi