Это соч если не знаете не отвечайте


Это соч если не знаете не отвечайте ​

PashaPlaytri PashaPlaytri    2   25.12.2020 14:05    0

Ответы
Валерия3445 Валерия3445  24.01.2021 14:06

Бүгінгі таңда  жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық.Мектеп кітапханасы –кітап арқылы оқушылардың жан-жақты білім алуымен қатар, патриоттық рухта тәрбиеленуіне ,саяси сапасын қалыптастырып,ғылыми,мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден –бір әлеуметтік орын.Кітапханаға келіп,қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады,білімдерін толықтырады.Біздің жауапкершілікті міндетіміз: кітаптарды насихаттаудың түрлі формаларымен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру,жан-жақты дамыту болып табылады.

       Осы орайда кітапханамыздың жаңаша форматы жасақталды.Оқу залының аумағы жаңаша деңгейде өзгертіліп ,кішкентай балаларға арналған бұрыш жасалды.Жаңа түскен әдебиеттерге,көркем әдебиеттерге,ғылыми-көпшілік әдебиеттерге,мерзімдік басылымдарға   шолу жасалып,сөреге қойылады.Сондықтан мәдени ошақтарды жандандыру ,оның ішінде балаларға қызмет көрсететін мектеп кітапханаларының еңсесін көтеру,дәстүрімізді сақтай отырып,өскелең ұрпақтың білімін,рухани байлығын арттыру,тиімді ақпаратпен қамтамасыз ету өз қолымызда.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi