Это мәтін Үйеңкі - қатты әрі тығыз ағаш. Сүрегі біртекті ақ сарғыш түсті болып келеді. Домбыраны үйеңкіден тұтас шауып немесе құрап әзірлеуге де болады. Үйеңкі – музыка аспаптарын әзірлеуге өте қолайлы ағаш.Емен - өте қатты, тығыз, берік ағаш. Ағаш сүрегінің түсі сарғыш қоңыр болып келеді. Емен ағашынан бұйымдар жасағанда өте абай болу керек. Себебі емен өте жарылғыш келеді, сақтықпен кептірмесе, өзегін қуалай шытынап, жарылып кетеді. Еменнен жасалған музыка аспабы өте әдемі болады, ұстала келе табиғи өрнектері ашылып, жылтырай береді.Қайың - сүрегі біркелкі ақ түсті, қатты ағаш. Қайыңның безінен жасалған бұйым әдемілігімен, беріктігімен ұтымды. Ол күнге қаңсымайды, ыстық-суыққа төзімді болады. Қайыңның тозын музыка аспаптарына қап жасау үшін қолданады. Қайың – емдік ағаш. Дәстүрлі емшілікте қайыңның сөлі (шырыны), тозы, жапырағы, гүлі, бүрі сияқты бөліктері пайдаланылған. Қайыңның сөлі ағзаны әлдендiрiп, бойға қуат береді деп есептейді.Терек - сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш. Бабымен кепкен терек көп жарылмайды, кепкен сайын киізденіп қатая түседі. Теректі зімпарамен өңдесе түгі шығып тұрады. Сондықтан шеберлер теректен бұйым жасағанда өткір сайманмен өңдеп қана қояды.

–тапсырма: Берілген сөздердің синонимдерін оқылым мәтіннен тауып жазып, сөйлемдер құрастырыңыз.

Бағу, тамақ, сөл, піскен, бастапқыда, ұқсау.

2-тапсырма. Ағаштың пайдасы мен маңызы туралы мақал-мәтелдер тауып жазыңыздар.

Vita0814 Vita0814    1   03.12.2020 07:54    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi