Этнографиялық атаулар Мәтіндердің мақсатын анықта.

А-мәтін

Ә-мәтін

Астанада «Этноауыл» Ұлттық-мәдени кешені аумағында ауқымды "Қазақстан – ұлы дала елі" атты көрме өтеді

Көрмеге қатысатын қолөнер шеберлері өздерінің қолынан шыққан бұйымдарын көрсетумен қатар, жаңа өнерді үйренуге ерік білдірген барлық жандарға арнап шеберлік сағаттарын өткізеді. Келушілер ер-тоқым, ауыздық пен қамшы секілді ат әбзелдерін де тамашалай алады.

Балаларға арналған «Менің кішкентай киіз үйім» шеберлік-сағатында киіз үйдің құрылысы мен оны тігудің қыр-сыры толық баяндалады. Көрмеде еліміздің әр аймағынан келген тарихи жәдігерлер орналастырылады. Келуші қонақтар өткен ғасырға саяхат жасап, көне заман көшпенділерінің бұйымдарымен танысады. Сол дәуірдегі ыдыс-аяқтар, тұрмыстық бұйымдар мен орта ғасырларда қолданылған өзге де заттарды тамашалай алады. Көрмеге керсен, кесекқап, қарын, мес, саба, торсық, тегене, шөміш, шанаш, тағы басқа ыдыс-аяқтар да қойылған.

Ауыл іргесін көтере бастағанда Тайжан үйін жықты да үйдің киізін, сүйегін, үй ішінің төсек-орнын сары атанға теңдеді. Қазан-ошақ, ыдыс-аяқ сияқтыларды екі аяқ арбаға таңып, бір сиырға салып, мал ішіне бос қоя берді. Бұл елдің көшкендегі кәсібі әуелден осы. Арыстың басы ағытылмаса болды, арба сынса да жүк далада қалмайды, жұрт қоналқаға жетіп, керегесін жая бастағанда, көп сиырдың ішінде жүре оттап, арбасын сүйретіп сиыр да келіп жетеді аман-есен.

Тайжан бүгін де сөйткен. Сәтбала түйеге артқан жүктің үстіне шығып жайғасты. Тайжан өзі кәрі көк атты желқом ермен ерттеп мінді де көштің алдына түсті.

Тайжанның інісі Байжан кер атты өмілдіріктеп, құйысқандап, алдыңғы қасына күміс қақтаған ерімен ерттеп мінді де қолына тобылғы сапты жез мойын қамшысын алып, жылқы қуған қыз-келіншектер мен бозбалаларға барып қосылды.


Этнографиялық атаулар Мәтіндердің мақсатын анықта.А-мәтінӘ-мәтінАстанада «Этноауыл» Ұлттық-мәдени ке

пдсеьаомео пдсеьаомео    2   06.10.2020 17:21    5

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi