Қырғыз хандарының ұрпағы және орыс армиясының офицері Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов шығыстану көгінен құйрықты жұлдыздай ағып өтті. Орыс шығыстанушылары оны бір ауыздан ерекше құбылыс деп мойындап, болашақта түркі халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашады деп үміттенген еді, бірақ Шоқанның мезгілсіз дүние салуы бізді бұл үміттен айырып отыр.
"Ыстықкөл күнделігінен" Шоқанды жан-жақты білдік. Оның зеректілігі ұқыптылығы, тиянақтылығын осы күнделік көрсетті. Сол заманда ешкімнің қолынан келмегенді, Шоқан істеп өзінің расында да "ерекше құбылыс" екенін дәлелдейді.
Шоқанның "Ыстықкөл күнделігіндегі" жаңашылдығын айтсақ. Күнделікті осындай ауқымды зерттеу еңбегіне айналдыру екінің бірінің ойына келмейді, ойына келген күннің өзінде қолынан келмеуі мүмкін. Бірақ Шоқан күнделікке жай ғана жүрген-тұрғанын, әркімнен естіген әңгімелерін, күлдіргі сөздерін жазбай, оны нақты ғылыми ақпараттармен байытқан. Уақыты жағынан алар болсақ үш ай бойы ерінбей жазып, бір де бір күнін босқа жібермей, үзбей тізбектеп отырған. Сол замандағы мықты географтардың қолынан келмеген істі тындырып, әр жердің жынысын, граниттен бе, басқадан құрылған ба, онысын да жазып, түсті металдарын, бағалы тастарына дейін, әр сүрлеудің биіктігіне дейін жазып, бас шайқатар мәліметтер береді.

Объяснение: дұрыс деп ойлаймын.