1991 жыл 1-желтоқсан-тәуелсіз Қазақстан өз басшысына таңдау жасады. Халықтың басым көпшілігі үлкен сенім артып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты билікке лайық деп таныды.
Қарапайым қазақ отбасында туып-өсіп, еңбек жолын қатардағы металлург ретінде бастаған Нұрсұлтан Әбішұлы өзіндік еңбекқорлығы, табандылығы арқасында бүтін бір ұлтты басқаратын көшбасшы атанды. Оның бойындағы ұлтжандылығы мен тапқырлығының нәтижесі - бүгінгі Қазақстан. Қазақтың айбарлы да айбынды хандарының үзілген шежіресін қайта жалғаған көшбасшы елі үшін аянып қалған жоқ. Барлық сәтте ұлтымен бірге болып, ел болашағының баянды болуы үшін аянбай тер төкті. Бүгінде айшықты даму жолына түскен, кең байтақ далалы, 550 жылдық тарихы бар қазақ дейтін қайсар ұлтты әлем мойындайды. Қазақ елі тәуелсіздігіне қол жеткізген соң елбасы барлық мәселелерді бірізділікке түсіріп, елдің діні мен тілінің қоғамдағы өз орнын белгілеп берді. Тәуелсіздіктегі алғашқы жылдардан бастап-ақ ұлт көшбасшысы өзінің табандылығымен көзге түсе бастады. Көптеген алпауыт елдермен ынтымақ орнатып, екі жақты келісімдер жасасуға, қарапайым халықтың жағдайларын жақсартуға күш салды. Алғаш болып ядролық қарудан да бас тартып, әлемді бейбіт өмірге бастады. Оның әрбір қабылдаған шешімі халық тарапынан қолдауға ие болып отырды.