Эссе тақырыбы: І.Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз

RTAKZM RTAKZM    3   03.03.2021 17:15    1

Ответы
nikusakunova nikusakunova  02.04.2021 17:16
Ас беру – өлім – жітімде жасалатын кәденің соңғысы,еске алу рәсімі,оны тіпті «жылан беру» деп те атайды «Сауын айтып ас берді»,- дейді,яғни төрт тарап жұртқа,астың өтілетіні туралы хабар беріледі.Хабар тиген жұрт ас болатын жерге жиыла бастайды.Қазақ ас беруді бір жағынан той деп есептеп,ат шаптырып,бійге береді.

«Аруақ риза болмай – тірі байымайды» дейтін қазақ дүниеден өткен туысқанының рухын риза етуді міндет санайды.Астан кейін ол үйде қаралы ту түсіріліп, азалы күй тоқтатылады.Жесір қалған әйел тек ерінің асын берген соң ғана қайта тұрмысқа шығуға ерікті.Ас беруге қайтыс болған адамның туыс,жекжат,дос – жарандары ат салысады.Осыған орай «Ас пен той ортақ» деген қағида қалыптасқан.Көзі тірісінде елге атағы жайылған,соңында қалған ағайын – туысы мол адамдардың асы ұлан – асыр той дірежесінде өткен.Бүған әр елден есімі белгілі ақсақалдар,батырлар,ақындар,палуандар,әнші,жыршылар,кқкпаршылар,мергендер арнайы шақырылып,жүйрік аттар келетін болған. «Алтын той тұяқ», «алтын жамбы» бастаған бәйгелерді тоғыз-тоғыздан туысқандары бөліп алған. Асқа келген қонақтар тек ішіп-жеу үшін ғана емес ел көріп,жер тану үшін,аста көрсетілетін түрлі халықтық өнерді тамашалап,өзіне бір рухани тәрбие алу үшін
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi