Эссе про байконур на казахском языке 10 предложений​

Айхан11111111 Айхан11111111    2   19.05.2019 14:16    21

Ответы
лала4647 лала4647  12.06.2020 18:47

Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан. Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
лоло97 лоло97  12.06.2020 18:47

Мен Байқоңырдың тұрғынымын. Қала үлкен емес,кішкентай болса да әлемге аты әйгілі "Жұлдызды қала". Көпшілік біле бермейтін Байқоңырдың ерекшелігі -мұнда Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Заңдары қатар жүреді. Екі елдің көпұлтты халқы тату тәтті әрбір мерекені қызықты өткізеді. Қаланың дәстүрлі мерекелері бар: "Золотая осень-Алтын күз" фестивалі,"9-мамыр Жеңіс күні","Масленица","Наурыз" мерекелері қалалық деңгейде өтеді. Салтанатты Жеңіс парадына мектеп оқушылары да қатысады. Кейбір мектепте арнаулы кадет кластары бар. Осы күні қаламызда үлкен -кіші өнер көрсететін "Звонкие голоса Байконура" фестивалі өтуде. Байқоңыр 60жылдан астам тарихы бар, ғарыш тарих беттерін алғаш жазған ғарыш айлағы. Байқоңырдан ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров,Талғат Мұсабаев,Айдын Айымбетов ғарышқа қанат қақты. Ғарышқа ұшқандардың ішінде Байқоңыр мектебінің түлегі Олег Германович Артемьев те бар.

Өзі кішкентай болса да үлкен тарихи оқиғалар болып жататын Байқоңырды мақтан етемін.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi