ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Мемлекеттiк сатып алу туралы
Осы Заң мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заң, мыналарды:
1) жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді;
2) кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтелетін қызмет көрсету шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді;
3) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетiлетiн қызметтерді;
4) мемлекеттік тапсырысты және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес оны орындау шеңберінде сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды көрсетілетін қызметтерді;
5) жарналарды (салымдарды), оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізуді;
6) ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оларға қатысты өзі құрылтайшы (уәкілетті орган), акционер не сенімгер басқарушы болып табылатын заңды тұлғалар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтерді;
7) білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелер сатып алатын орта білім беру ұйымдарында оқитындардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балалардың тамақтануын қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу;
8) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсету шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сатып алынатын дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатынан жүзеге асырылатын ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді;
10) отандық тауар өндірушілерден және жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерден және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған уәкілетті ұйымнан сатып алынатын мемлекеттік қорғаныс тапсырысының құрамына кіретін әскери және қосарлас мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, тапсырыс берушінің жұмыс істеуін, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауын қамтамасыз етуге байланысты қатынастарға қолданылады