Эссе о ибрае алтынсарине напишите до 8вечера по kz , 60 .эссе на 2 страницы

Юли009 Юли009    3   27.09.2019 18:40    0

Ответы
Sen9l Sen9l  08.10.2020 23:10

Эссе.

Ыбырай Алтынсарин.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!- деген өлең жолдары өмірге келгелі бір ғасырдан аса уақыт өтті. Бірақ ол күні бүгінге дейін балаларды оқып, білім алуға шақырған ұран болып келе жатыр. Осы өлеңнің аты аталған сайын оның авторы қазақтың ұлы ағартушы, ұстазы, ғалым, жазушы Ыбырай Алтынсариннің есімі ойға оралады.

Жылдар өте келе білімі тереңдеп, ой-өрісі өскен Ыбырай халыққа пайдалы қызмет істеудің жолын іздейді. Ол кезде қазақ жерінде аздаған орысша оқытатын мектептер мен діни мектептер ғана бар болатын. Ал қазақ тілінде білім беретін мектеп деген атымен жоқ еді. Осындай жағдайда Ыбырай қазақша мектеп ашып, бала оқытуды арман етеді. Ыбырай арман еткен мектебі Торғайда 1864 жылы ғана ашылады. Оған алғаш он төрт-ақ бала кіреді, бірақ ол қазақ мектебінің тұңғыш қарлығашы еді. Одан соң болыстық бастауыш мектептер, қолөнер, техникалық және өндірістік училищелер ашуға кіріседі. Мұғалімдер даярлайтын мектеп те ашады. Тұңғыш рет қыздар мектебін ұйымдастырады.

Бүкіл өмірін халық ағарту ісіне арнаған Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді. Сөйтіп, ел арасына кең жайылып, жатталып кететін шығарма арқылы әсер етуді көздеді. Ақын жастарды оқуға үндей отыра "өмір қызығы - байлық" деген көзқарасқа соққы берді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екеніне көз жеткізеді.

Алтынсарин – қазақ жазба әдебиетінің тарихында тұңғыш рет балаларға арнап әңгіме жазған жазушы. Ол тұңғыш көркем аударма жасаған жазушы да болды.

Ыбырайды орыс достары қатты бағалаған. Ыбырай шын мағынасында оның орыс достары дәл көрсеткендей "қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер" болады. Өз еліне "Европа мәдениетінің жарық сәулесін жаратты". Иә, Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш дала қоңырауын қағушы, білім нәрімен сусындатушы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi