Эссе на тему "Я за отечественный продукт" нужно на казахском.

ivanova6060 ivanova6060    2   30.10.2020 17:41    1

Ответы
alinakuzmich324 alinakuzmich324  29.11.2020 17:42

ответ:Мен отандық өнім үшін

Шынын айту керек, «қазақстандық өнімге» тауар деп айтуға ауыз бармайтын сапасыз, бағасы қымбат дүние ретінде көзқарас қалыптасқан. Отандық тауардан гөрі Қытайдың, не Ресейдің өнімін сатып алу әлдеқайда тиімді және пайдалы деп ойлайтын жайымыз бар. Алайда шетелдің затын сатып алу арқылы, «қазақстандық» деген атаумен шығарылып жатқан мыңдаған өнімді байқамаймыз. Ал осыдан он жыл бұрын дүкендеріміздегі жағдай басқаша болғаны мәлім. Бірақ қазір қазақстандық тауарлардың көрсеткіші молайып, шетелдік заттарға бәсекелес атанып жатқаны жасырын емес. Тек тиісті жарнама жетіспейді. Бұл жөнінде тағы сөз қозғай жатармыз. Ал әзірше өзімізден шыққан тауарды сатып алу ниетін арттырған жағдай туралы айтып өтсек.

Осы жылы отандық өнімді қолдау мақсатында елімізде айрықша акция басталды. Бір реттік шара емес, нәтижелі әрі пайдалы болды. Бұл «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы белсенділерінің «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясы. Әкімшілік ресурсыз, бұйрық-талапсыз-ақ әлеуметтік желі арқылы танылып, дүкендер желісінде «Қазақстанда жасалған» жазуы бар өнімдер қойылып, сатылып жатты. Аталмыш игі істі 11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастауды ұсынған еді. «Барлық қазақстандықтарды, бүгінгідей қиын жағдайда, біздің, қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұл Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп білейік», – деген еді Президент. Бұл үндеуден кейін «Қазақстан-2050» ұйымы бірден ірі дүкен желілерімен және өндірушілермен келіссөз жүргізуді бастады. Мемлекеттік маңызы бар істі ірі супермаркеттер мен дүкендер қолдап, сауда сөрелерінің тұсына «Қазақстанда жасалған» деп жазылған түрлі-түсті белгі-тақтайшалар жасалды. Ол өнімдер дүкеннің ең көрікті және көрінетін жерлеріне қойылды. «Қазақстандық өнімді сатып алу арқылы біз тек ел экономикасына ғана көмектесіп қоймаймыз, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдарға қолдау көрсетеміз. Олар біздің арқамызда жұмысын жалғастырады, отбасын асырап, ұрпақ өрбітеді, дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысы үшін салық төлейді. Біз қазақстандық өнімді қажет болғандықтан емес, солай дұрыс болғандықтан сатып аламыз», – деді «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi