Эссе на тему ,,сән әлемі” на казахском

tanushkako tanushkako    2   03.10.2019 09:10    10

Ответы
wfeywbgfyef4646 wfeywbgfyef4646  09.10.2020 13:44

Сән дегеніміз - киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі ортасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі деп жатамыз. Келісесіз бе? Өзіңіздің кәсіби сәнгер ретінде киім кию мәдениеті туралы ойыңызды айта аласыз ба?

Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын бейнелейтін сәнмен (мода) тығыз байланыста болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсімен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты,киімге деген талғампаздық адамның өзіне сынкөзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Қысқаша айтқанда, сән, мода әрдайым өзгеріс үстінде болғандықтан оны қуып жету мүмкін емес, сондықтан адам өзіне қонымды, жарасатын киім үлгісін таңдап сән ағымымен ұштастыра білсе, ешқашан ұтылмайды деп ойлаймын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi