Эссе на тему мой любимый город рудный на казахском

9109160145davla 9109160145davla    3   28.05.2019 19:01    5

Ответы
bossmakswell bossmakswell  26.06.2020 13:15
Сүйікті қалам – Рудный!          Менің қалам – мен үшін дүние жүзіндегі ең қымбат, ең асыл мекенім. Әр бір адамның сүйікті қаласы бар. Көбіне адамдар сүйікті қалам деп өзі туылған, балалық шағын өткізген жерді айтады. Өйткені әр а қ шағынан естеліктерді, тұрған мекенін әр қашан жүрегінде сақтайды.  Мен бұл қалада туылмасам да, оны шын көңіліммен жақсы көрем. Мен оған сіңісіп кеткенім соншалықты оның әсемдігін толықтыра түсетін табиғаты, жаңадан пайда болып келе жатқан зәулім болмаса да аяғына нық тұрған үйлері, саябақтары, әр бір үйшігі, тіпті Рудныйымның өзінде өскен бір тал гүлінің өзі менің өмірімде үлкен орын алады. Бұрынғыдан қалған ескерткіштері, көпірлері, үйлерді жанап өтетін көшелері мен үшін өте қымбат. Рудныйлықтар, сырттай қараған әр қайсысы әр түрлі болса да, оларды біріктіретін бір нәрсе бар, ол біздің даңқы асқақтаған Рудный қаласы. Рудныйымда менің достарым, туыс-туғандарым, ата-анам, барлық таныстарым тұрады. Солардың барлығы Рудныйды шын мәнінде жақсы көретіндігіне, қадірін түсінетіндігіне мен сенемін. Негізінен қаланы жақсы көру үшін оның атағы жайылған зәулім қала, немесе миллионер қала болуы шарт емес. Рудный тыныш, әлсін-әлсін дамып келе жатыр. Бір сөзбен айтқанда оны құрметтемеуге, жақсы көрмеуге еш себеп жоқ.  Себебі бұл қала әр бір рудныйлықтардың жүрегінен орын ала білген. Кейде қаламның көшелерінде келе жатып тұнық ойға берілемін. Кей кезде қаламыз шулы, тынышсыз болса да мен оған қуанамын. Неге деген сұрақ туындар мүмкін. Себебін мен өзім де білмеймін. Мүмкін осы қалада тұрып жатқаныма, шашымды сыйпай өтетін көктемгі желге, төбемізде жарқырап тұрған күнге, қазақ еліндей тәуелсіз мемлекетіміздің ішінде тұрып, бой көтере бастаған қаламыздың өркендеуіне куә болғаныма болар. Қаранғы айлы түндерде көшелеріңді кезіп, сенің күн өткен сайын көркейгеніңді көрудің өзі бақыт.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi