Эссе на тему : "Менің денімнің саулығы- елімнің байлығы

smirnov27121981 smirnov27121981    3   15.03.2020 08:41    4

Ответы
guardian009888 guardian009888  03.09.2020 16:26

«Денсаулық - зор байлық» - демекші орынды айтылған сөзді жадымызда ұстаймыз. Әрбір адамның денсаулығы – қоғамның байлығы деуге болады. Осы ретте халқымыз «Дені саудың жаны сау» - деген сөзі де тектен-тек айтылмағаны соның дәлелі. Деніміз сауда біздің де күніміз жарық. Болашығымыздың жарқын болатынына сенемін. Денсаулықтан асқан бақыт та, байлық та жоқ. Денсаулықты сақтау тек тазалықты сақтаумен шектелмейді. Денсаулықты сақтау үшін күн режимін сақтай отырып тиімді тамақтану, дене қозғалысы жасап спортпен шұғылдану, таза ауада жиі серуендеу жатады. Мен өзімнің денсаулығыма осы бастан қараймын. Күніге таңертең орнымнан тұрып жүгіремін, күрес үйірмесіне  қатысамын. Спортпен шұғылдану әрбір адамның өзіне керек екенін басқа да достарым білсе деймін. Мен айта алмаған сөздерімді мына өлең жолдарымен  жеткізуге тырысамын.

Денің  сауда жетерсің арманыңа,

Жоспарлап алға қойған мақсатыңа.

Дені сауда көрерсің бұл дүниенің,

Бар қызығын рахатын,жорығын да!

21 ғасыр бәсеке заманы. Зиянды заттарды, денсаулығымызға пайдасы жоқ тағамдарды пайдаланбай, салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын. Денсаулықты сақтау - әрбіріміздің  қолымызда екенін ұмытпайық!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
dostovalovaanast dostovalovaanast  03.09.2020 16:26

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. «Денсаулық – зор байлық»

Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау қолдауда.

Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi