Эссе на тему " өмірге құштар жандар ".. ! !

мафінка мафінка    2   12.09.2019 05:50    1

Ответы
denisfilin2 denisfilin2  10.09.2020 06:46
                                                Өмірге құштар жандар
Қазіргі таңда  туғаннан , немесе өміріндегі бір келеңсіз жағдайларға байланысты ауыруға шалдыққан зағип жандар аз емес. Ондай адамдар әрбір атқан таңына риза, әрі өмірдің бағасын білетін жандар. Мұндай зағип жандар қанша алдағы болашақ өмірлері гүлді болып көрінбегенмен, қазіргі өтіп жатқан күнінің әрбір сәтін бағалы өткізуге тырысады. Бұл адамдардың бар арманы ауруларынан сауығып, өмірлерін басқада сау адамдар секілді өткізу. Қазіргі таңда ғылым-білім, техниканың дамуына байланысты мұндай адамдарға да барынша қол ұшын беруге, барынша мемлекеттік көмек көрсетуге барлық жағдайлар жасалуда. Өмір бойы темір коляскаға байланған адамдардың өзі аяқ-қолы толық жетілмеген болса да, он екі мүшесі сау адамнан кем түспейтін істерге құлшынып жатады. Себебі, олар өз ынталарының арқасында ізденіп, "Менің қолымнан бәрі келеді" деген өмірлік ұстаныммен өмір сүретін адамдар деп ойлаймын. 
   Мүгедек, емделмейтін ауруға шалдыққан адмдарға көмек әлі күнге дейін толық кең өріс алған жоқ. Сондықтан болашақта, яғни жастар қауымы сол зағип жандардың өмірі барынша жақсы болуы үшін өз күшімізді аямай қамқорлық танытуымыз крек. Себебі, олар нағыз өмірге құштар жандар.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi