Эссе на казахском языке тема пайдалы және зиян тамақ​

SonechkaKorean SonechkaKorean    2   25.01.2021 15:57    2

Ответы
irina20042005 irina20042005  25.01.2021 16:00

Пайдалы және зиянды тағамдар.

«Басты байлық - денсаулық» екені баршамызға мәлім. Дегенмен, қазіргі таңда заман ағымына сай тез өзгеріп жатқан қоғамда пайдалы тағамдардың орнын зиянды тағамдар алмастырып, адам денсаулығына біршама зиян келтіруде. Мысалы, қазір жартылай дайын өнімдерді тағам ретінде пайдалану, тез дайындалатын тағамдарды шамадан тыс жеу, майлы тағамдарды пайдалану, ұзақ сақталатын сүт өнімдерін қолдану және т.б. Аталған тағам түрлері ағзамызға біраз зиян келітреді – оларды көп жеудің салдарынан адамдар семіруге бейім болады, қант диабеті, атеросклероз, қатерлі ісік секілді ауруларға әкеліп соқтырады, осы зиянды тағамдарды жеуге дағдылану секілді кері әсер етеді. Мен осындай зиянды тағам орнына өзіміздің ұлттық тағам түрлерін қолдануға кеңес берер едім, себебі қазағымның қай ұлттық тағамы болмасын, дәрумендерге бай, емдік қасиеттерге ие. Мысалы,  сүт өнімдерін қазақ халқы бір сөзбен “ақ” деп атап, қастеpлейді. Сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдердің өзінің ерекшеліктері мен тіпті емдік қасиеттері де бар. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған. Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.

Сондықтан денсаулығымызға немқұрайлы қарамай, басты байлығымызды бағалай білейік!

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi