Эссе на казахском языке на тему "волюта казахстана" !

mashabredikhina2 mashabredikhina2    3   14.06.2019 06:50    2

Ответы
Aixerel Aixerel  10.07.2020 23:03
Ұлттық валюта – мемлекет­ті­лік­тің басты нышандарының бірі. Ос­ын­дай жоғары мәртебеге ие төл тең­геміздің егемен елдің дербес ақша-кредиттік саясатын жүргізуші құ­ра­лына айналып, Тәуелсіздік жылна­ма­сына алтын әріптермен жазы­л­ға­нына биыл 18 жыл толды. Елба­сы­мыз Нұрсұлтан Назарбаевтың эко­номикалық реформаларын серпінді жүзеге асырудың мемлекеттік тұт­қа­ларының бірі Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Ұлттық Банкі ұлттық валю­тамыздың одан әрі тұғырлана түсуін қамтамасыз етіп келеді.Биылғы жылдың айтулы оқиға­сы – ел Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғының кеңінен аталуы облыс банк жүйесінің 140 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Далалық өлкедегі тұң­ғыш банктің 1871 жылы Петропавл қаласында ашылуы кездейсоқ болмаса керек. Тоғыз жолдың тора­бы бойындағы шаһардың көрші Ре­сей­дің Батыс Сібір аймағы мен Қа­зақстанның және Орта Азияның ор­талық өңірлерінің керуен жолдары қиылысында орналасуы сауда-сат­тық саласында маңызды орын алды. Бастапқыда Ресей империясының, кейін Кеңес елінің құрамында бол­ған Қазақ елі өзінің дербес ақша сая­сатын жүргізе алмағаны белгілі. 1991 жылы желтоқсанда егемендігіміз жария етілгеннен кейін Қазақ­стан нарықтық экономика талапта­рына жауап беретін банк жүйесін құруға кірісті. Еліміз алдында дербес ақша-кредиттік саясатын жүргі­зу және республика экономикасын одан әрі реформалау міндеті тұрды. Соған байланысты ұлттық валют­а­мызды енгізу қажеттігі туды. Ресей ұсынған рубль аймағына ену шарты Қазақстан үшін қолайсыз болды. Айналымда қолма-қол ақшаның жетімсіздігі қиын жағдай қалыптас­тыр­ды. Экономика тұрақсызданып, өндіріс құлдырады. Тауарлар мен қыз­меттер бағасы бұрын-соңды бол­маған дәрежеде шарықтады. 1993 жылдың аяғында инфляция көрсет­кі­ші 2297 пайызға жетті. 1993 жылы 13 сәуірде КСРО Мемлекеттік банкінен бөлініп шыққан Қазақ респуб­ликалық банкін Қазақстан Респуб­ли­касының Ұлттық Банкі етіп құру жөнінде заң қабылданды. Осы жылы 15 қарашада айналымға төл теңгеміз енгізіліп, банк жүйесінің ұлттық нормативтік және құқықтық негіздерін реттеу үрдісі басталды. Бұл – Президенттің дер кезінде қабыл­да­ған көрегенді байламы еді. Өйткені, осы кезеңде бірыңғай ақша жүйесін сақтап қалуға болмайтыны, соған орай өз валютамызды енгізу, дербес ақша-кредиттік саясат жүргізу ауадай қажет болатын. Жалпы қолда­ныстағы рубль Қазақстанның Тәуел­сіз­дігін тежейтіні айдан анық еді. Мұндай тәуекелге бару ел мүддесін ойлаудан туған бірден-бір батыл шешім болатын.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi