Эссе на Каз яз на тему Египет в 12 веках​

віка189 віка189    2   01.11.2020 17:20    0

Ответы
akkusha1 akkusha1  01.12.2020 17:29

Қазіргі Египет Ежелгі Мысыр деп аталынған.

Ежелгі Мысыр – Африканың солтүстік-шығысында Ніл өзені бойында құрылған ертедегі мемлекет. Мысыр жерін а палеолит дәуірінен мекендей бастаған. Неолит кезеңінен климат өзгеріп, бұрынғы саванналарды құм басып, адамдар Ніл өз. бойына жинала бастады. Б.з.б. 4-мыңжылдық шамасында Ніл өз. бойына жиналған тайпалар (протосемит, бербер, кушит, т.б.) өзара араласып, Мысыр халқы қалыптасты. Халық санының күрт өсуіне, аңшылық пен балық аулау кәсіптері арқылы тамақ табудың қиындауына байланысты мал шаруашылығы мен егіншілік дами бастады. Қоғамның әрі қарай дамуы нәтижесінде алғашқы мемл. бірлестіктер пайда болды. Олардың арасынан екі мемлекет іріктеліп шығып, елдің оңтүстігінде жоғарғы Мысыр, ал солтүстігінде төменгі Мысыр патшалықтары құрылды. Б.з.б. 3-мыңжылдық шамасында жоғ. Мысыр билеушісі Менес (Мена) төменгі Мысырды басып алып, елді біріктірді. 1. Ең ежелгі патшалық (б.з.б. 3000 – 2800) кезеңінде елді екі билеуші әулет кезек-кезек басқарды. Жерді суғару қолға алынып, мыстан қару-жарақтар, құрал-саймандар соғылды, айырбас сауда дүниеге келді. Нубияға, Ливияға, Синай түбегіне жорықтар жасалды. 2. Ежелгі патшалық (б.з.б. 2800 – 2250) үшінші әулеттің билікке келуімен басталды. Ауыл шаруашылығы, қолөнер, айырбас сауда мен құрылыс жұмыстары жетілдіріліп, жерге жеке меншік пайда болды. Перғауын мен мемлекеттік аппараттың билігі күшейтілді, тұрақты әскер құрылды. Құл еңбегін кеңінен қолдана отырып, перғауындарға арналған пирамидалар салынды. Мысырдың бірінші бөлінуі б.з.б. 2250 – 2050 ж. болды. Жер көлемінің тым ұлғайуына байланысты жергілікті тайпа көсемдерінің билігі күшейіп, нәтижесінде б.з.б. 23 – 22 ғасырларда Мысыр бірнеше ұсақ иеліктерге бөлініп кетті. Ұсақ мемлекеттер өзара қырқыса бастады. Дегенмен сауда мен қолөнердің дамуы елдің бір орталыққа бағынуын қажетсінді. Сөйтіп, б.з.б. 21 ғ-дың ортасына таман ел қайтадан бірікті. 3. Орта патшалық (б.з.б. 2050 – 1700) 12-ші әулеттің билік басына келуімен тікелей байланысты. Өсақ иеліктер қайтадан бір орт-қа біріктірілді. Суландыру жұмыстары, қолөнер, сауда бұрынғысынан да өркендеді. Сириямен, Крит аралдарымен сауда байланыстары жақсарды. Бұл кезеңнің соңына таман орт-тың билігі әлсіреп, перғауындар арасында билік үшін күрес басталды. Мысырдың екінші рет бөлінуі кезінде (б.з.б. 1700 – 1580) елге солт.-шығыстан гиксос тайпалары шабуыл жасап, мемлекеттің көпшілік бөлігін басып алды да 110 жылдай билік құрды. Мысыр перғауындары тек елдің оңт. жағында үстемдік етті. 15 – 17-әулеттен шыққан перғауындар елден басқыншыларды қуып шығу үшін үздіксіз соғыс жүргізгенімен, тек 18-әулеттің тұсында ғана Мысыр толық азат етілді. 4. Жаңа патшалық (б.з.б. 1580 – 1070) кезеңінде қола мен темірден әр түрлі бұйымдар (соқа, жіп иіретін құралдар, дөңгелек, шыны-пиала, т.б.) шығарылды. Сирияға, Палестинаға жасалған жорықтар нәтижесінде он мыңдаған тұтқындар құлға айналды. Арбакештер әскері пайда болды. Перғауындар – Тутмос І, Тутмос ІІІ, Аменхотеп ІІ заманында Мысырға Сирия, Палестина, оңт-те Ніл өз-нің бастауына дейінгі жерлер қосылды. Вавилон, Хетт патшалықтарымен дипломат. қарым-қатынас орнады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi