Домбыра -қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті , көп пернелі музыкалық аспабы . Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын , өзіндік музыкалық сипаты бар аспап . Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр , толғау , термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен . Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге , күй тартуға , халықтық фольклорлық музыкада , классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын , мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады .