Эссе казак елін таныткан спорт шеберлері

GGWPmen GGWPmen    2   29.09.2019 21:20    0

Ответы
xeniakudriavtseva xeniakudriavtseva  09.10.2020 04:06
Қазіргі қазақ спортының дамуына халқымыздың асыл мұрасына айналған көкпар, қыз қуу, белбеу тартыс, арқан тартыс, күрес сынды ұлттық ойындар ықпал етті деп толықтай айта аламыз. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, олардың аттарын келер ұрпаққа жеткізу әр азаматтың борышы деп санаймыз. Сонымен, еліміздің елеулі спорттық жетістіктерінің шежіресін есімізге түсіріп көрейік. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрінетін. Бұған дәлел ретінде тарихтан білетін қазақ халқының мақтанышы Қажымұқан Мұңайтпасұлының, Балуан Шолақтың, Серік Қонақбаевтың жетістіктерін айтуға болады. Қажымұқан Мұңайтпасұлының спорттық өмірбаянын қарастырып көрейік. Бала кезден Мұқан күреспен айналысып, түрлі жиындарда, той-томалақтарда қарсыластарымен белдесіп, жеңіске жететін. Уақыт өте келе, Мұқан кәсіпқой балуан болып, халықаралық жарыстарда қазақтың намысын қорғаған. Спорттық мансабында Мұқан 28 мемлекетті аралап, қоржынына 56 медаль салып, қазақтың атын бүкіл әлемге танытқан.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/sport/makala/95/
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi