Эссе ертегілер жаксылыкка жетелейді​

samsung4652534832 samsung4652534832    3   22.09.2020 21:46    0

Ответы
halitovaalsu20 halitovaalsu20  22.10.2020 21:46

Еңбекші халықтың ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжірибесі, оның мәдениеті мен салты, әдеті мен ғұрпы, шаруашылық кәсібінің түрлері, тілінің шебер ерекшелігі қамтылған халық ауыз әдебиетінің ерекше түрі – ертегілердің бала тәрбиесінде алатын орны орасан зор. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе айтып, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.

Ертегілер – халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма. Онда табиғаттың а жұмбақ болып келген сан алуан құбылыстары айтылады, үстем тап өкілдерінің зұлымдық, қастандық әрекеттері әшкере етіледі, тыңдаушысын өмір күресіне бастайды, адам арманының жарқын болашағына жөн сілтейді. Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танудағы түсінігі мен көзқарасы көрініп отырады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi