Ғаламтор… Тұтасқан әлем. Өрмекшінің торы дерсіз. Енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуальды сыйластық басып келеді. Тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз… Танысыңыздан ажырап, танымасыңызды жақын тұтатын мезгіл қазір. Иіріміне ессіз үңілген кейбір жандар оның тұтқынына да айналып үлгерген. Жалғыздық пен күйзелістің асау толқындарына жұтылғандар қаншама? Бұйығы, жадау-жүдеу… Бұл да бір өтпелі кезең шығар. Жамандығын айтып тауыса алмайсыз, ал жақсылығы да ұшан-теңіз. Тек соны орнымен пайдалана білсек, мүмкіндігін барынша ықтиятпен жүзеге асырып, адами қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ.
Академиялық кітапханалардың орнын Интернет баса алмайды. Бірақ оның да ғылыми тегеуріні шексіз. Тек аздаған мәдениет керек… Ғаламтор мәдениетін ерте игермеу – өзімізге сын. Интернеттің иіртпегіне түсіп, былыққандар мен ылыққандардың қармағын қапқан ұрпақты сауықтыру үшін ұлттық иммунитеттің күші жеткілікті болуы ләзім. Ал оған шамамыз жетпесе, мылқау ұрпақ пен соқыр жеткіншек, керең өспірім қаулайды. Қазір сол дәуірдің басы. Болу мен бордай тозудың арасы…
Тіл мен діннің, діл мен рухтың сыналар тұсы. Қолы жеткендер көп, ойы жеткендер аз. Ғаламтор арқылы ғарышты игеріп жатқандар көп, ал керісінше өзін-өзі игере алмай жатқандар да сансыз. Осы тұста мені толғандыратыны, біздің елдің Интернет ресурсының тым қарабайырлығы. Қазір тек ақпарат алмасу, әдеби тенденцияның белгілі бір айналымы, журналистикалық ізденуге ғана мән беріп отырғандаймыз.