Қазіргі тілімізде екі сөзден қалыптасқан тұрақты тіркес сияқты көрінгенмен сөз төркінін іздестіре келгенде алғаш бір сөз ғана болғандығына көз жеткізу қиынға соқпайды. Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінен мынаны оқимыз: «ерэт» немесе «ерэдз» тұлғалары «еркек қалпын игеру, ерлерге ұқсау» (ДТС, 176). Қазіргі біздің түсінігіміздегі «азамат болу» сияқты тіркес те көрсетілген мағыналардан онша алшақ кетпейді. Ескерткіштегі «ерэт» немесе қазіргі қолданылуымыздағы «ер жет» тіркесінің қайсысы да тек ер балалардың үлкейіп, есеюіне арналған. Дәл осы мағына жағына табан тірей отырып, бүгінгі қолданылып жүрген «ер жет» тіркесінің төркіні «ерэт» деуімізге толық мүмкіндік бар. Оның тіркес болып қалыптасуы қазақ тілі заңдылығынан туған: ерэт => арйэт => ериет => ержет => ер жет + у => ер жету. Жазба ескерткіштегі тұлғаға жақын дыбыстық құрам тува тілінде сақталған: элаэди. М9нда тек л ~ р дыбыс сәйкестігі ғана байқалады (ерэт>элээди). Ал моңғол тілінде біздегідей сөз тіркесіне айналған: эрийн цээнд хурэх .[1]